Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері 28 адам суға кетті

Қызылордада жыл басынан бері 28 адам суға кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық төтеншеліктер шаһардағы екі жағажайға ғана суға түсуге болатынын ескертеді.

Олар облыс орталығындағы «Сыр-Самалы» және Белкөл кентіндегі «Абай» жағажайы. Сондай-ақ, қала аумағындағы «Эдельвейс» тұсында коммуналдық саяжайдың құрылысы жүруде. Яғни тұрғындарға жабдықталған жағажайда су шомылуға барлық жағдай жасалуда.

«Жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 25 оқиға тіркеліп, 28 адам қайтыс болды. Бүгінде азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда департамент қызметкерлері су айдындарында, балық аулайтын орындарда 531 рейд өткізіп, 5450 адамға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратуда», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
«Суға шомылуға болмайтын аймақтарға 301 ескерту тақтайшасы орнатылды. Бұған қоса, адамдар көп жиналатын орындарда, Арай сити молл ойын-сауық орталығы, жаңа және ескі базарға күнделікті дыбыстық зорайтқыштары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмауларын және ересек азаматтарға су жағасында демалу кезінде спирттік ішімдіктерге шектеу қойып, өз қауіпсіздіктерін сақтау қажеттігін ескертеміз», – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Алиев.
30 маусым 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области