Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушы дебатқа қатысып, білім грантын жеңіп алды

Қызылордалық оқушы дебатқа қатысып, білім грантын жеңіп алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының білім басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп, мектеп және колледж бітіруші түлектер арасында облыстық дебат турнирін ұйымдастырған. Дебатқа қатысқан Арайлым Жақсылық «Үздік спикер» атанып университеттің грантын жеңіп алды.

«Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.Бүгінгі дебат турнирінде жеңіске жетіп, Грант иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта өзім қалаған оқу орнында сүйікті мамандығымды меңгере отырып, дебатпен әлі де айналысамын деген ойым бар»,- деді №3 IT мектеп-лицей оқушысы Арайлым Жақсылық.

Алдағы уақытта университетте халықаралық ұйымдармен бірлескен ашық алаңдар, республикалық турнирлер, YouTube желісінде онлайн дебаттар ұйымдастыруды, халықаралық дәрежедегі спикерлермен семинар-тренингтер өткізуді, мектеп оқушыларын жүйелі түрде пікірсайысқа баулу сияқты көптеген іс-шараларды жоспарлауда. Турнирдің жеңімпазына грант сертификаты облыс әкімінің қатысуымен өтетін шарада арнайы табысталатын болады.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың еліміздегі дебат клубтарын жандандыруды қолға алуын жастар арасындағы қозғалысты жаңа деңгейге көтеру ісіне көрсетілген үлкен қолдау деп білеміз.Бүгін міне турнирге барлық аудандар және қаламыздан арнайы 11 фракция қатысып, қоғамдағы түрлі өзекті проблемаларды талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуде. Турнирдің Үздік спикеріне арнайы университет ректорының Грантын тағайындау жөнінде шешім қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз – пікірсайыс клубтарын дамыту арқылы жас көшбасшылар мектебін қалыптастыру»,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова.
30 маусым 2021 ж. 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области