Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелері талқыланды

Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелері талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі халықты қамту мәселелері бүгін МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды.

«МӘМС енгізілуіне байланысты медициналық көмекті қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 80%-ды құрады. Осы қаражат есебінен еліміздің сақтандырылған халқы 81 млн мамандар консультациясын және диагностикалық қызметтерді ала алады, бұл 2020 жылға қарағанда 25%-ға артық, оның ішінде 930 мың қымбат тұратын зерттеулер (КТ/МРТ), медициналық оңалтудың 1 млн-нан астам қызметі 3 есе өсумен, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділік 30,9%-ға артады, – деп атап өтті өз сөзінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Алайда, М.Шорановтың айтуынша, медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі МӘМС жүйесімен қамтылмаған тағы 3,2 млн. қазақстандық қалып отыр, олардың 1,7 млн. адамы жарналарды тұрақты негізде төлемейді, 1,5 млн адам бірде-бір төлем жасаған жоқ.

«2021 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушылар саны (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Saqtandyrý» АЖ деректері бойынша) 15,8 млн адамды немесе ҚР халқының жалпы санының 83%-ын құрайды», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Оның айтуынша, сақтандырылған халықтың төмен көрсеткіші Қостанай (77%), Алматы (78%), Түркістан (78%), Жамбыл (80%), Қызылорда (80%), Шығыс Қазақстан (81%) облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында (81%-дан) байқалады.

Халықтың сақтандырылуының ең жоғары көрсеткіштері Атырау (86%), Маңғыстау (86%), Ақмола (85%), Батыс Қазақстан (84%) және Павлодар (84%) облыстарында.

2020 жылы қордың жинақталған активтері есебінен пандемия және шектеу шаралары кезеңінде табыссыз қалған азаматтарға (Үкімет актілеріне сәйкес), сондай-ақ БЖТ төлеушілерге жеңілдік нормасы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетілгенін атап өту қажет.

Осылайша, 2020 жылы МӘМС жүйесіне бұрын қатыспаған 1,7 млн адам БЖТ-ны жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге төледі. Оның ішінде 84 мың адам стационарларда 11 млрд теңгеге ем алды. Осылайша, қордан БЖТ төлеушілерге түскеннен 6 есе көп қаражат жұмсалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2 млн 78 мың адамды құрайды. МӘМС жүйесінде орта есеппен 1 млн 48 мың адам есептелетінін ескере отырып, 1 млн 30 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар сәйкестендірілмеген болып қала береді.
30 маусым 2021 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области