Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жеке куәліксіз вакцина алу мүмкін емес

Жеке куәліксіз вакцина алу мүмкін емес

Kyzylorda-news.kz. Елімізде жеке куәлігі жоқ азаматтар коронавирус індетіне қарсы вакцина салдыра ала ма? Бұл сұраққа ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцина алған кезде ол азаматқа қатысты жеке мәлімет базаға енгізіледі. Аталған тұлғаның ЖСН-і (жеке сәйкестендіру нөмірі) болуы шарт. Осы орайда жеке куәліксіз вакцина алу мүмкін емес. Яғни ол вакцина алған азаматтардың есебіне кірмейді. Сондықтан да азамат алдымен, жеке құжатын реттегені абзал. Осы орайда біз ел аумағындағы жеке куәліксіз тұрғындарды анықтау акциясын өткізіп жатырмыз. Оларға құжатсыз ешқандай қызмет алу мүмкін еместігін түсіндіріп, жеке куәлік алуына көмектесудеміз», – деді Сабыржан Сейітжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамды ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Жалпы халықты оның ішінде құжатсыз жүрген азаматтарды хабардар ету мақсатында ҚР ІІМ Көші-қон комитеті, тәртіп сақшылары, үкіметтік емес ұйым және басқа құзырлы орган өкілдерін тарта отырып үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды», – дейді ол.
29 маусым 2021 ж. 359 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области