Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл қанша ауыл әкімі сайланады?

Биыл қанша ауыл әкімі сайланады?

Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың соңына дейін 755 ауыл әкімі сайланады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізде білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу туралы тапсыра берген болатын. Осы жылдың 24 мамырында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Бұл бастама жергілікті өзін өзібасқару институттарын жаппай енгізу тәжірибесі арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп жүзеге асыруға бағытталған», – деді ол ОСК отырысы барысында.

Константин Петровтың дерегінше, елімізде 2 346 ауыл әкімі бар. Олар жаңа норма енгізілгеннен кейін өкілеттік мерзімдері аяқталған соң тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.

«Осы жылдың соңына дейін аталған санатқа кіретін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр. Осылайша, азаматтардың тікелей сайлау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту принципі біртіндеп жүзеге асырылады. Тікелей сайлау арқылы ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру процесіне шамамен азаматтардың 40 пайызы тартылады», – деді төраға орынбасары.
24 маусым 2021 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области