Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдариялық шаруа қожалықтары 20512 гектар алқапқа күріш екті

Сырдариялық шаруа қожалықтары 20512 гектар алқапқа күріш екті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында егіс көлемін суға бастыру үшін шаруашылық құрылымдары 16 дана су сорғы құралын пайдалануда. Қосымша тағы 6 насос сатып алынбақ. Оның біреуі Жетікөл ауылдық округіне жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев мәлімдеді.

Сырдария ауданында шаруа қожалықтар биыл 20512 гектар алқапқа күріш егіп, суға толығымен бастырды. Қазір диқандар суды кезектілікпен пайдаланып жатыр.

«Биыл бекітілген ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін 766,57 млн текше метр су лимиті бөлінді. Қазір ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін секундына 68,67 текше метр су жіберілуде», – деді Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев.

Брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және «Казсушар» РМК Кызылорда облыстык филиалының мамандары облыс аумағына келіп жатқан судың көлемімен су қоймаларындағы мөлшеріне тоқталып өтті. Мәселен, қазір Шардара мен Көксарайдағы су көлемі 4465,3 млн. текше метрді құрайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 550 текше метр су жіберілуде.
11 маусым 2021 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области