Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада күріш егісінің көлемі қысқарып келеді

Қызылордада күріш егісінің көлемі қысқарып келеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында күріш егісінің көлемі 80 мың гектарға дейін қысқарады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы негізгі міндеттердің бірі – егістіктерді суармалы сумен қамтамасыз ету, жайылымдар мен шабындықтарды және Арал теңізін қоса алғанда, көлдерді уақтылы суландыру. Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауылшаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шараларды қабылдаудамыз. Аймақтағы топырақтың қатты тұздылығын ескере отырып, біз күріштен толықтай бас тарта алмаймыз. Дегенмен, күріштің егіс алқаптарын азайтуға жұмыс жүргізудеміз», – дейді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірде күріш егісі көлемі 89,5 мың гектардан 83 мың гектарға дейін қысқарды. Келешекте бұл көрсеткіш 80 мың гектарға дейін қысқарады.

«Бүгінгі күні күрішті суға бастыру 100 пайызға орындалды. Алдағы уақытта ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін ылғал сыйымдылығы аз дақылдар – соя, жүгері, майлы және жемшөп дақылдарының егістігін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығына ылғал үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынуда. Өткен жылы облыста пилоттық режимде аквагельдерді қолдану сынақтан өткізілді. Биыл бұл тәжірибені кеңейтіп, жүгері мен жоңышқа өсіру үшін жаңбырлатып суару тәсілі енгізіледі.
10 маусым 2021 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области