Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған

Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының алыс ауылдарында екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылды. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

Пандемиямен күресте дәрі-дәрмектің жеткілікті болуы маңызды. Өңірде індетті алдын алуға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасқан. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген.

Баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде дәрі-дәрмек бағасының шектен асыру жағдайына жол берілмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығы үшін екпе егуге қажетті шаралар толық іске асқан.

Өңірде вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесі ашылған. Оның 91-і ауылдық жерде орналасқан. Мұнан бөлек, шалғай ауылдардағы тұрғындарға екпе салу үшін 39 арнайы мобильді топ құрылған.

Айту керек, 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, HayatVax, Спутник-V вакцинасынанІ компоненті бойынша 129050 келіп, оның 74% салынған. Ал, екінші компонентінде 87300 жеткізіліп, 46,8% салынған.
10 маусым 2021 ж. 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области