Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал теңізінің ұлтанына 2 млн-ға жуық көшет отырғызылды

Арал теңізінің ұлтанына 2 млн-ға жуық көшет отырғызылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Арал теңізінің құрғаған ұлтанында мемлекеттік орман қорының 1000 га жеріне 1 млн 800 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары облыс әкімдігімен жасалынып, келісу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Абдразахов мәлімдеді.

«Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жалпы аумағы 401,8 мың га жерге орман мелиорациялық жұмыстар жүргізу көзделген. Оның ішінде, 38,1 мың га көшетпен отырғызу, 363,7 мың га әуеден және жерден тұқымнан себу арқылы сексеуіл екпелерін жасау. Осы жұмыстар жүргізілген жағдайда барлығы 328,7 млн. дана ағаш көшеттерін өсіру жоспарлануда»,-деді Исатай Абдразахов.

Мамыр айында Инспекцияның ұйымдастыруымен Республикалық селекциялық тұқым өсіру орталығы, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандарынан құралған арнайы экспедиция жұмыс жасады. Қазіргі кезде облыстық жұмысшы тобымен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
09 маусым 2021 ж. 74 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области