Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АЛТЫН САПА» МЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2018» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

«АЛТЫН САПА» МЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2018» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ


     «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалықкөрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.
    Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.
    Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
    Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.
    Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада Конкурстарға қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.
    Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.
    Телефон бойынша кеңес: 8 (7172) 919-388.

21 ақпан 2018 ж. 346 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области