Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жазасын өтеушілер күніне 300 дана газоблок шығарады

Қызылордада жазасын өтеушілер күніне 300 дана газоблок шығарады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелеріндегі жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда ЗК-169/5 мекемесіне кәсіпкерлерді тарту мақсатында атқарылған іс аз емес. Нәтижесінде, мекеменің өндірістік аймағында 13 кәсіпкер жұмыс жасап, 232 сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Онда сотталған азаматтар әк өндіру, нан цехы, газоблок, кірпіш, құм блоктарын өндіру, колөнер мен аяқ киім тігумен айналысады.

Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Т.Тлеубекованың айтуынша, мекеменің өндірістік аймағында сотталғандарды келісім шарт негізінде жұмыспен қамтып отырған ЖШС «Ержас-2013» күніне 300 дана газоблок өнімдерін шығарып жатыр.

«Өндіріс орнында жұмыс жасап жүрген 12 сотталған жұмыс істеп, мемлекет алдындағы, жеке тұлға алдындағы берешектерін өтеп, туған-туыстарына көмектесіп жатқандар да бар. Олар арнайы киіммен толық қамтамасыз етіліп, техникалық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған», – дейді әділет аға лейтенанты Т.Тлеубекова.

Осы өндіріс орында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жазасын өтеуші Бауыржанды сөзге тарттық. Газоблок шығаруда да төзімділік пен табандылық керек дейді ол. Оның айтуынша газоблок өнімін шығаруға көп шикізат та қажет емес екен. Цемент пен кәдімгі құм, каучук содасы және алюминий ұнтағы.

«Қазандыққа цемент, құм, каучук содасы мен алюминий ұнтағын қосып араластырамыз. Арнайы қалыпқа дайын өнімді құйып 1 тәулікке қоямыз. Каучук содасы мен алюминий ұнтағының көмегімен өнім 35 см дейін өтеріледі. Цехтың температурасы 36-40градус болуы қажет. Бір тәулікте қалыпқа құйылған газоблок қатып қалады. Газоблоктың биіктігі 30 см, ені 20 см, ұзындығы 60 см болады. Тұрғындар арасында кең қолданысқа ие бұл өнім жылуды жақсы ұстап тұрады және берік, мұны көпшілік тұрғын үйге пайдалануда. Жалақымыз уақытылы төленеді. Осы жұмысты жасай жүріп, мемлекетке келтірген шығынды толық өтедім. Отбасылымен 2 балам бар, жалақымның бір бөлігін отбасыма жіберіп отырамын», – дейді Бауыржан.

Есірткі бабымен істі болып, 13 жылға сотталған Бауыржан тезірек бостандыққа шықсам дейді. Газоблок өнімін шығарудың қыр-сырын меңгерген ол бостандыққа шыққан соң, жеке кәсіп ашсам деген арманын айтты.

Сотталғандар бос уақытын тиімді өткізіп, істеген еңбектерінің жемісін жесе, мекеме тәрбиелеудің тиімді жолын еңбекпен ұштастырып отыр.
03 маусым 2021 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области