Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер «Қамқорлық» дағдарыс үйінің бүлдіршіндерін құттықтады

Қызылордалық полицейлер «Қамқорлық» дағдарыс үйінің бүлдіршіндерін құттықтады

Kyzylorda-news.kz. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қызылордалық полицейлер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Ибраев бастаған қызметкерлер тобы облыс орталығындағы «Қамқорлық» дағдарыс үйіне барды. Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған 10 әйел мен 15 бала тұрады.

Жыл сайын 1 маусым күні Сыр елінің тәртіп сақшылары «Қамқорлық» дағдарыс үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар үйлестіреді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Ұйымдастырылған бүгінгі шара барысында полиция қызметкерлері балаларға ойыншықтар, тәттілер және басқа да көптеген сыйлықтар үлестірді.

«1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін!» – деген жылы лебізін білдірді Дәурен Алпысбайұлы.

Өз кезегінде «Қамқорлық» дағдарыс үйінің басшылығы мерекелік көңіл күй сыйлаған полицейлерге көңілдері мен қамқорлықтары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.
01 маусым 2021 ж. 135 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области