Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Kyzylorda-news.kz. 31 мамыр – XX ғасырдағы кеңестік биліктің тоталитарлық саясаты салдарынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміз бен ашаршылық құрбандарын еске алатын тарихымыздағы қасіретті күн. Бірлігі кетіп, берекесі қашқан сол кезеңде халқымыздың жартысына жуығы құрбан болып, жарты миллионнан астамы бас сауғалап шет елдерге үдере көшуге мәжбүр болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Осы мақсатта 1998 жылы Қызылорда қаласында да ашаршылық қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды. Қаңқа негізінде қаңылтыр табақтарынан жасалған қуыс металды элементтердің үстіңгі бөлігінде қосылған үшбөлікті құрылыс астына қарай үш сәулелерімен тарқалады және бетоннан жасалған стилобатқа негізделген. Бетонды стилобаттың ортасында гранит тақта орнатылған. Тақтайшада көгершіннің бейнесі және 97 саны, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерінде – «Татулық пен еске алу жылы», «Год согласия и памяти» деген сөздер қашалып жазылған. Ескерткіштің биіктігі – 10 метр. Ескерткіштің авторы – сәулетші Мәлік Сапарғалиев.

Тарихи белгіні салу үшін бұл жер бекер таңдалмаған. Ел арасында бұл төбе бір кездегі қанды қырғынның куәсі екені де жиі айтылады. Бұлай деуге негіз бар. Облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің тілшісі, журналист Мырқы Исаев – тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үлес қосқан адамдардың бірі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті ардагері, отставкадағы полковник Әмірхан Бәкірұлы сұхбатында «Тоқсаныншы жылдары ағамыздың бастамасымен ату жазасына кесілгендердің жерленген орнын іздестіру басталды. Қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне ауыр жаза Қарауылтөбе қыстағы, қаладағы Куйбышев көшесінің бойы, Тасбөгет кентінің маңайындағы аумақта орындалғанын жеткізді. Дәлел ретінде Сырдария аудандық «Жаңадария» газетіндегі «Қырық молдаға түскен құрық», Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетіндегі «Алтын тіс арқылы танылған өлік» мақалаларын ұсынды.

2017 жылы мемориалды ескерткіштің бастапқы қалпын сақтай отыра қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аумағы абаттандырылды.

Мемориалды ескерткіш мазмұны жағынан «біз біргеміз» елімізде бейбітшілік болсын, ендігі жерде бұндай қасірет болмасын деген көрініс пен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессияда «халық жауы» атанып, жапа шеккен алаш арыстарының ақталғандығының көрінісін береді.

Ескерткіш бүгінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасына (www.virtualmap.xyz) енгізілген.
31 мамыр 2021 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области