Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 65 ескерту тақтайша орнатылды

Қызылордада 65 ескерту тақтайша орнатылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада облысының аумағында 19 ірі канал, 220 шағын канал, 207 көл орналасқан. Жалпы өңірде 64 жабдықталмаған учаскелер қауіпті болып саналады. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

«Бүгінде 65 ескерту тақтайша орнатылды. Бұл жұмыстар жалғасуда. Қайғылы жағдайдың орын алуының негізгі себебі-қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы болып отыр. Біздің тарапымыздан азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде», – деді Медет Усаин.

Төтеншеліктер қайғылы жағдайдан құтқаратын 54 сүңгуір маман және техникалық құралдар тексеруден өткізді. Мамандар су айдындарында 144 рейд ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жалпы облыста суға түсуге рұқсат етілген 2 жағажай бар. Олар «Сыр Самалы» және «Абай» жағажайы.

«Жыл басынан бері 14 адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның 9-ы кәмелетке толмаған. Сондай-ақ, Қарауылтөбе ауылындағы Байқадам каналында бір бала суға құлап кетіп, қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, құрметті жерлестер! Қауіпсіздік шараларын сақтап, бір-бірімізге жанашыр болайық», – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Бауыржан Избасаров.

Облыс әкімі биыл тиісті салаларға бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, суға шомылатын жерлерді анықтап, комуналдық жағажайлар ашу.

«Бүгінде учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аймақтарда орналасқан өзен, көл жағаларында адамдардың жаппай суға түсетін, ойнайтын жерлерінде үнемі бақылау жұмыстарын атқаруда. Жазғы демалыс кезінде оқушыларға және ата-аналарға қатаң сақтық шараларын сақтау керектігін жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Облыс тұрғындарынан белгіленбеген жерлерде суға түсуге, су жағалауларында ішімдік ішпеуге және балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.
28 мамыр 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области