Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданына жаңа әкім келді

Қазалы ауданына жаңа әкім келді

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына (ротациялық тәртіппен) Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Қазалы ауданында өткен жиында таныстырды.
Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылғы қараша айынан бастап Арал ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
27 мамыр 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области