Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл: Жалағашта Рәміздер аллеясы салынады

Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл: Жалағашта Рәміздер аллеясы салынады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды.

Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлығы.
Осыған орай, биылғы жылы жоспарланған барлық іс-шаралар «Жасампаздыққа толы жылдар» тақырыбында Тәуелсіздіктің басты жетістіктері мен құндылықтарын айшықтай отырып өткізіледі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекенінде, жабық бассейн құрылысының жанында Рәміздер аллеясын салу жоспарлануда.

Рәміздер аллеясының құрылысын 30 тамыз – Конституция күніне орай аяқтап, пайдалануға берілмек.
2020 жылы Жалағаш кентіндегі мемлекеттік рәміздер аллеясын абаттандыруға жоба сметалық құжаттама әзірленді. 2021 жылы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне мемлекеттік рәміздер аллеясын абаттандыру жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылып, аудандық бюджеттен 69 млн 510 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы нәтижесінде хаттамаға сәйкес «Айбар – Ш» ЖШС жеңімпаз болды. Қазіргі таңда аталған мердігермен келісім шарт рәсімделуде.
26 мамыр 2021 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области