Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының әкімі ертең сенбілікке шығады

Қызылорда қаласының әкімі ертең сенбілікке шығады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев барлық сала басшыларымен бірге 22 мамыр сағат 10:00-де сенбілік жұмыстарына шығады.

Сенбілікте жергілікті билік өкілдері шаһар басшысының бастамасымен қаладағы арық жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Бұған дейін жариялағанымыздай Ғанибек Қонысбекұлы қала орталығындағы аяқ су мәселесін шешу мақсатында Жібек жолы мен Сарқырама каналдарын қалалық канал арқылы біріктіруді қолға алып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді жауаптыларға тапсырған болатын. Бүгін екі каналды байланыстырып, Жібек жолы арқылы Сарқырама каналына су беру жобасының алғашқы жұмыстары басталады.

Айта кетейік, қала орталығындағы арық жүйелері биылға дейін Жібек жолы және Сарқырама мангистральді каналдары арқылы аяқ сумен қамтылып келген. Сәуір айының аяғында Сарқырама каналына су жіберілгенімен дария деңгейінің төмендеуі қала орталығын аяқ сумен қамтуды қиындатып тұр. Осы мәселені шешу үшін қала әкімі тың бастама көтеріп, қаладағы аяқ су мәселесін шешуді назарға алған болатын.
21 мамыр 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области