Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 КҮНДЕ 4 ДАНА АҢШЫ ҚАРУЛАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

1 КҮНДЕ 4 ДАНА АҢШЫ ҚАРУЛАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ


    Ақпан айының 19-22 күндері облыс көлемінде заңсыз атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, қару ұрлығы қылмыстарын болдырмау мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Іс-шараға облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері жұмылдырылып, рейдтік шаралар және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.  
    Нәтижесінде, іс-шараның  1 күнінде заңсыз айналымнан 4 дана аңшы қарулары тәркіленіп, қарудың сақтау тәртібін бұзғаны үшін 22 азаматқа, есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 10 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
    Осыған орай полиция қызметкерлері ескертеді:
    Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабына сәйкес қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға –20, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе  коммерциялық емес  ұйымдарға –25, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 40 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
    Сонымен қатар, қаруды сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың қаруды, оның патрондарын сақтау тәртібін бұзған жағдайда ҚР  ӘҚБтК-нің 484-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға 10 айлық, заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
     Азаматтық, қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға –15, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе  коммерциялық емес  ұйымдарға –20, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 40 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынады.
    Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 53-1-бабына сәйкес, осы Кодекстің  436, 484, 485 және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылары қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберілетіндігін ескертеміз.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

21 ақпан 2018 ж. 722 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области