Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР АЛУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН СҰРАНЫСТЫҢ 69 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ТҮСКЕН

АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР АЛУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН СҰРАНЫСТЫҢ 69 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ТҮСКЕН


    Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Нағима Қуанышева мәлімдеді.
    Жалпы, облыс бойынша 11 архив оның 7-і ауданда, 1-і Байқоңыр қаласында орналасқан мекеме 3 бағыт негізінде сұраныстар қабылдайды. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығы, «www.egov.kz» электронды веб-порталы және баламалы архив мекемелері арқылы түседі.
    Биылғы жылдың 9 айында «Архивтік анықтамалар беру» қызметі бойынша 15 951 сұраныс орындалды. Оның 18 пайызы ХҚКО арқылы, 69 пайызы электронды порталмен, 13 пайызы тікелей архив мекемелерінен келген. Уақыт талабына сай қазіргі уақытта архивтік анықтамаларды «электронды үкімет» порталы www.egov.kz арқылы ешқайда шықпай-ақ, онлайн режимінде алуға болады.
    Сонымен қатар, Қызылорда қалалық архивінің басшысы Жұлдыз Байғараеваның айтуынша, қалада 70 мыңнан астам құжат сақталуда. «Сұраныстың 90 пайызын қалалық архив орындайды. Жыл басынан бері 4500-ге жуық сұраныс түскен. Оның 3404 электрондық портал арқылы. Тіптен алғанда, Шымкент, Тараздан портал арқылы сұраныстар түсуде. Оған біздер 7-8 күнде жауап береміз», - деді.
    Сондай-ақ, алдағы уақытта әлеуметтік желілерде «Сіз білесіз бе?» айдарымен архив мекемесінің құжаттары, анықтамалары жарияланып тұрады.

24 қазан 2017 ж. 765 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области