Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қала әкімі ақын Серік Ыдырысовқа құрмет көрсетті

Қала әкімі ақын Серік Ыдырысовқа құрмет көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев ақын Серик Ыдырысовты қабылдап, 63 жас мерейтойымен құттықтады.

Серік Ыдырысұлы қазақтың қасиетті қара домбырасын қолға алып, ұрпақты ұлттық өнермен сусындатып, дүйім елдің құрметіне бөленген Сырдың біртуар азаматы, тұлғалы ақыны. Бүгінде 63 жасқа келген өнегелі өмірі иесі саналы ғұмырында бойға біткен асыл өнер дана халқымыздың сөз өнері, суырып салма ақындықты насихаттап келеді.

Кездесуде қала әкімі Серік Ыдырысұлының ұлттық өнерді ұлықтаудағы еңбегіне ерекше тоқталып «Бүгінде бабадан қалған асыл өнерді ұлықтаумен бірге педогог-ұстаздықты қатар алып, шәкірт тәрбиелеп жүрген, туған жұртыңыздың мақтан тұтар тұлғаларының біріне айналдыңыз. Алашқа азулы ақын болып танылған сізді Сыр топырағының киесінен шабыт алған айтыстың ақтаңгері ретінде жақсы білемін және құрметтеймін» – деп, ақынды туған күнімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.Өз кезегінде мерейтой иесі ел азаматына құрмет көрсеткен қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлына ризашылығын білдірді.
06 мамыр 2021 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области