Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгіннен бастап жұма намазын оқуға ресми рұқсат берілді

Бүгіннен бастап жұма намазын оқуға ресми рұқсат берілді

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес еліміздегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.

Бұл жайлы қаулыда: «Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады» делінген.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының алғашқы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандарының жұма намазын асыға күтіп жүргенін хабардар еткен еді. Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірген болатын.
03 мамыр 2021 ж. 65 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области