Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды?

Вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Sputnik V вакцинасының екі дозасы арасындағы вакцинациялау мерзімі неге 90 күнге дейін ұлғайтылғанын түсіндірді.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, вакцинация кестесі ресейлік профессор, академик және Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесі негізінде өзгертілген.

«Осы мәлімдемеге сәйкес, Sputnik V вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін инъекциялау аралығын 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтуға болады. Аралықтың жоғарылауы иммунитеттің күшіне әсер етпейді. Бұл халықтың иммунизациясын едәуір жеделдетеді. Кейбір адамдар үшін екі доза арасының ұзаруы иммундық жауаптың күші мен ұзақтығын арттыру мүмкін», – деді Қиясов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта вирустың жаңа мутацияларының ықтималдығын барынша азайту үшін коронавирустың халық арасында айналымын азайту бойынша шаралар қабылдануда.

«Осыған байланысты, вакцина жасаушының жоғарыда айтылған мәлімдемесі негізінде денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V вакцинасының екі компоненті арасындағы аралықты ұзартуға және 45-ші күні екінші компонентпен егуге шешім қабылдады. Сондықтан 30 сәуірде Sputnik V вакцинациясының кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса, 90 күн ішінде екінші дозаны салуға рұқсат етіледі», – деп толықтырды елдің бас дәрігері.

02 мамыр 2021 ж. 57 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области