Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңес өтті

«Табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңес өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Табақ шыны өндіру және өңдеу» зауытына барып, құрылыс жұмыстарын тексерді.

Жобаның жетекшісі «Orda Glass Ltd» ЖШС. Зауыт құрылысы 80,23% аяқталған. Қалған негізгі жұмыстар – жоғары білікті инженерлерді тартуды қажет ететін балқыту ваннасы мен пештің жабдықтарын орнату. Алайда, бұл жабдықтарды орнататын мамандар елімізде болмау себебінен, шет елден шақырту қажет. Аталған жұмыстарды аяқтау үшін техникалық ерекшеліктер 4 айды және +10°C-тан жоғары жылы режим жағдайларын қажет етеді.

Облыс әкімдігі сыртқы инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмыстарды орындады. Атап айтсақ, газ құбырының екі тармағы және сумен жабдықтау, электр желісі, автожол және байланыс жұмыстарын жүргізді. Темір жол тұйығының құрылысы жуырда аяқталады деп жоспарлануда.

Одан кейін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен «Табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңеске қатысты.

Жиында облыс әкімі жоғарыдағы атқарылған жұмыстарды тізбектеді.Сондай-ақ, селекторлық жиында «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, министр Бейбіт Атамқұловтан ағымдағы жылы зауытты уақтылы іске қосу үшін ҚР СІМ арқылы қажетті жабдықтарды республика аумағына әкелуге рұқсат алуға жәрдем көрсетуді сұрады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қолдау жұмыстары қарастырылатынын айтты.

Селекторлық отырыс соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шыны зауытының құрылыс жұмыстары тікелей бақылауында болатынын атап өтті.
29 сәуір 2021 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области