Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада автокөліктегі газ құрылғысы жарылып, бір адамды күйік шалды

Қызылордада автокөліктегі газ құрылғысы жарылып, бір адамды күйік шалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автокөлік өртеніп, бір адамды күйік шалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқыс оқиға 28 сәуірде сағат 13.35-те қаладағы Әбуов көшесінде орын алған. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

«Шақырту кеш келіп түсуі салдарынан өртке қарсы қызмет мамандары келгенше автокөліктегі газ құрылғысы жарылған. Ол автокөліктің толығымен жанып кетуіне алып келді. Өрттен 1996 жылы дүниеге келген жолаушы 42% термиялық күйік алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі 1987 жылғы азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп үйіне қайтарылды. Өртті толықтай сөндіру мақсатында өрт сөндіру қызметінен 6 қызметкер 1 бірлік техника күші пайдаланылды. Жалын 13.50-те толық сөндірілді», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.
29 сәуір 2021 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области