Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды

Қызылордада заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 30 құқық бұзушылық тіркелген, оның 8-і есірткі затын сату,1-і есірткіні жарнамалау дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 20 дерегі анықталған.

Одан бөлек есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 22-26 ақпаны аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барасында Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 дерегі анықталды.

«Есірткі сату және тағы да басқа есірткі заттарына байланысты жасалып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 27-55-42 «Сенім телефоны» номері жұмыс атқарады»,- деп атап өтті Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
21 сәуір 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области