Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 12 қоғамдық кеңес құрылды

Қызылордада 12 қоғамдық кеңес құрылды

Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы сондай-ақ, жұмыс ережелері бүгін облыстық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен облыстық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында бектілді.

«Өздеріңізге белгілі бұған дейін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде Жол картасы бекітіліп, оған жауапты фракция мүшелері мен орындаушылар белгіленді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы да қайта құрылымданды. Жақында партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылауға негізделген 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Мұндай жұмыс облыстық деңгейде де қолға алынып отыр»,- деді филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова.
Жалпы, аталған Қоғамдық кеңестер Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, өңірде партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз етеді. Олардың міндетіне өңірлік дамуды жетілдіру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды, нақты практикалық шешімдерді әзірлеу үшін диалог алаңына айналып, сарапшылар қауымдастығын өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қолдау көрсету міндеттері жүктеліп отыр.

Кеңестердің төрағалығына партия депутаттары мен белсенділерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшыларынан іріктелген тиісті саланы жетік меңгерген тәжірибелі азаматтар ұсынылып, бюро шешімімен «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағалығына – Райкүл Байназарова, «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» жөніндегі кеңес төрағасы – Қожахмет Ильясов, «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасына -Гүлнара Есқалиева, «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі кеңес төрағасына Нұриддин Әмитов, «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы кеңес төрғасына – Алтын Есқараева, «Өңірлік даму» жөніндегі кеңес төрағасына – Жанкелді Ысқақ, «Аграрлық секторды дамыту» – Бақдәулет Махашов, «Экология жөніндегі» кеңес төрағасына Нұрбол Аппазов, «Жастарды қолдау» жөніндегі кеңес төрағасына Мағжан Ералиев, «Партиялық бақылау» комиссиясы төрағалығына Абайбек Жүнісов басшылық жасаса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен «Miras» аймақтық кеңесін тиісінше Мақсұт Налибаев пен Баймырза Қожамберлиев жетекшілік етеді.

Жалпы Бюро отырысында партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының және аймақтық, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларының өткізу кестелері бекітіліп, облыстық партия филиалының кезекті XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелер де қаралды.
14 сәуір 2021 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области