Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мың алғыс Сізге, майдангер»: Қызылордада шаралар шеруі басталады

«Мың алғыс Сізге, майдангер»: Қызылордада шаралар шеруі басталады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Мың алғыс Сізге, майдангер» хештегімен шаралар шеруі басталады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Facebook» парақшасында жариялады.

Қадірлі жерлестер!

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 76 жыл толады. Осы орайда, еліміздің барлық өңірінде ардагерлерге зор сый-құрмет көрсетілетіні белгілі.

Өкінішке қарай, жыл өткен сайын майдангерлеріміздің қатары сиреп барады. Бұрын әр ауыл мен қаладан кеудесіне жарқыратып орден-медалін таққан ардагерлерді жиі көруші едік. Тіпті, екі үйдің бірінде «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген арнайы тақтайша ілулі тұратын. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан, санаулы ғана саны қалған ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Осыған байланысты, «NurOtan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыс көлемінде «Мың алғыс Сізге, майдангер» атты арнайы хэштегпен ақпараттандырылатын шаралар шеруі басталады.

Мақсаты – ардақты ардагерлерімізге жан-жақты қолдау көрсете отырып, майдангерлердің ерен еңбегі мен өшпес ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау арқылы бүгінгі бейбіт өмірдің құндылығын, Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін жастар санасына сіңіру.

Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Әрбір ардагерге лайықты құрмет көрсетіліп, қамқорлықтан тыс қалмауы тиіс. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз деп қабылдап, жерлестерімізді осындай маңызды шараларға үлес қосуға шақырамын.
14 сәуір 2021 ж. 60 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области