Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық дүкен республикалық байқауда жүлдеге ие болды

Қызылордалық дүкен республикалық байқауда жүлдеге ие болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық азық-түлік дүкені республикалық байқауда үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығы ұйымдастырған республикалық «Адал ниетпен – 2021» байқауында оңтүстік өңірлердің арасында Қызылорда қаласындағы кәсіпкер Нұршат Асқарқызының «Billion Market» дүкені жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Байқаудың мақсаты – темекі өнімдерін сататын сауда кәсіпорындары немесе тұрмыстық дүкен иелерінің, сатушылардың жауапкершілігін арттыру, 21 жасқа толмаған жастар мен жасөспірімдерге сатуға болмайтындығын насихаттау, адал кәсіпкерлердің тәжірибесін өзге де өңірлердегі әріптестеріне тарату және т.б.

Оңтүстік өңірлер арасында байқауға қатысқан 22 сауда орындары арасында екі қызылордалық дүкен бар. Олардың бірі – «Billion Market» дүкені жүлдегер атанса, екіншісі «Көктем» дүкені алғыс хатпен марапатталды.

Ұйымдастырушылар қызылордалық кәсіпкерлерді байқауға қатысуда сүйемелдеу жасап, әдістемелік көмек көрсеткен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова да алғысын білдіріп, Құрмет грамотасымен марапаттады.
06 сәуір 2021 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области