Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада үш жатақхана салынды

Қызылордада үш жатақхана салынды

Kyzylorda-news.kz. «Бес әлеуметтік бастама» жобасы аясында Қызылорда облысында 1500 орындық жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде студенттерге арналған үш жатақхана пайдалануға берілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Қаржы орталығы» АҚ Жобаларды ілгерілету департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді.

Қаржы орталығы өңірлердегі студенттерге қажетті жатақхана орнын зерттейді. Ұсыныстарды жинақтайды. Бағдарлама үш жыл бұрын басталды. Ел бойынша 75 мың орындық жатақхана салу қажеттігін анықтады. Ал облыс студенттеріне нақты 1320 орындық жатақхана керек екен.

«Қазіргі кезде облыс кәсіпкерлерінің көмегімен бұл мәселенің жартысынан көбі шешілді. Соның ішінде, жеке кәсіпкер «Сүйеніш» ЖК 414 орындық, «ДиЛМАШ » ЖШС-і 330 орындық, «Болашақ» университеті 372 орындық жатақхана салды. Сонымен бірге, бала санының артуынан мектептерге деген сұраныс артуда. Сол себепті де жатақхана немесе жеке мектеп салуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетуге дайын», -деді Алпамыс Айдарұлы.

Бүгінде өңірде 7 жеке білім ошағы жұмыс жасауда. Бұған қоса, жаңадан үш мектеп пайдалануға берілді.
06 сәуір 2021 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области