Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Полиция Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз туралы ақпарат жариялады

Полиция Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз туралы ақпарат жариялады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушісі осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы.

Бұған дейін Қызылордадағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан үш жасөспірім 25 наурызға қараған түні шығып кеткені хабарланды. 28 наурызда жоғалған үш қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды. Үшінші қыз әлі іздестіріліп жатыр.

«Қызылорда қаласында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушісі, 27.08.2004 жылы туған Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы 25 наурыз сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салады», – делінген облыстық полиция департаментінің желідегі ресми парақшасында.

Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті, иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.

Полиция жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет болған жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.
29 наурыз 2021 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области