Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдікті кескендер ұсталды

Жаңақорғанда Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдікті кескендер ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызыл кітапқа енген өсімдік ағашын кескен ауыл тұрғындары қылмыс үстінде ұсталды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында 1 наурыз күні Өзгент ауылынан 3-шақырым жердегі тоғай арасында мемлекеттік белгісі жоқ, 2-дана «ВАЗ-2106» автокөліктерінің тіркемесіне қызыл кітапқа енген «Тораңғыл» өсімдігіне ұқсас ағаштарды тиеп жатқан жерінен 2 азамат ұсталды.

Күдіктілердің екеуі де 23 жастағы аудан тұрғындары екені белгілі болды. Олар АПБ-не жеткізіліп, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Автокөліктер айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
03 наурыз 2021 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области