Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Оқуға құштар мектеп» жобасы қарқын алуда

Қызылордада «Оқуға құштар мектеп» жобасы қарқын алуда

Kyzylorda-news.kz. «Оқуға құштар мектеп» жобасы республика өңірлерінің қызығушылығы мен қолдауына ие болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

Жоба аясында Өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Мектеп кітапханаларының қазіргі жағдайына талдау жасалды. Оның ішінде кітап қоры, электронды кітап қоры, пайдаланудан шыққан кітаптардың жағдайы, кітапхана бөлмесінің жағдайы, оқушылардың кітапханаға бару жиілігі сарапталды. Кітапханаларды автоматтандыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 149 мектептің кітапханасы Coworking-орталықтарға бейімделді.

️Өткен аптада облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік кабинеттердің 430-дан астам басшыларының қатысуымен online-режимде кезекті әдістемелік сағат өткізілген.

Әдістемелік сағат барысында «Білім-инновация» лицейлері өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл ең алдымен күнделікті 20 минуттық, оның ішінде zoom арқылы қашықтықтан білім алушылар үшін кітап оқу, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға арналған 50 кітапты іріктеу.
Оқырмандардың ынтасын арттыру үшін номинациялар, марапаттау, жас оқырмандарды марапаттаудың балдық жүйесі қарастырылған. ️ Ата-аналар балаларының оқу белсенділігін kitapp.space. сайтында бақылай алады.
Қызылорда облысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың ерекшелігі – мектеп кітапханаларын Coworking-орталықтар етіп қайта форматтау, «Үздік кітапхана – Coworking-орталық» облыстық конкурсын өткізу, автоматтандырылған жүйесін енгізу және мектеп кітапхана жүйесін цифрлау үшін жағдай жасалды.
03 наурыз 2021 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области