Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өрт қауіпсіздігін сақтау – балалардың өмірін қорғау

Өрт қауіпсіздігін сақтау – балалардың өмірін қорғау

Kyzylorda-news.kz. Балалардың отпен ойнауы қайғылы жағдайға әкеліп соғатыны әрбір ата-анағы белгілі. Көбіне үйде жалғыз қалған бүлдіршіндер тиым салған ойындармен ойнап, сіріңкені ермек етеді.

Отпен ойнауы олардың қайғылы жағдайға әкелетіні олардың естеріне де келіп соқпайды. Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, табиғатымызға зиянын тигізеді. Мұндай жағдайлар ата-аналары электр құралдарын жанып жатқан пешті бақылаусыз қалдырып сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге жасырып кетпегендіктен болады. Ата-аналар баланың отқа қызығушылығын көре тұра оның көз алдында сіріңкені тұтатып ойнауына еркіндік береді. Әрине, бұл баланы қызықтырып жанған от есінде ұзақ сақталады. Бір қарағанда ештеңе жоқ сияқты көрінгенімен бала бойында отпен ойнау дағдысы қалыптасады.

Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз

Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау.

Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады (бұл балаларға өте ұнайды). Оқушылар қателерді қуана табады және әрекет ету ережелерін жақсы меңгереді.

10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.

Есіңізде сақтаңыз!

1 түп талдан мыңдаған сіріңке жасалады, ал сол мыңдаған талды өртеуге 1 тал сіріңкенің күші жететіні белгілі.

Жас ұрпақтың денсаулығын қамқорлық таныту мемлекет пен мектептің міндеті емес. Бұл-біздің қоғамның, әрбір жанұя мүшесінің түсіндіру борышы.
03 наурыз 2021 ж. 58 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области