Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше.

Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз.

Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
01 наурыз 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области