Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҮЗДІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ


    Аймақта құтқарушылар күні мерекесі аталып өтті. Кәсіби мереке аясында департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Қаза болған құтқарушылар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу, өлең оқу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.
     Мерекені «Болашақ» университетінің студенттер сарайында өткен салтанатты шара түйіндеді.   
    Жиында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою ісі жөніндегі министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызмет арнайы басқармасы бастығының орынбасары, ішкі қызмет полковнигі Андрей Майданюк, «Абылайхан» атындағы колледждің директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Руслан Дүлдүл, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің ардагері Қорғанбек Қайруллаев және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
    Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов ерекше көзге түскен қызметкерлерді ҚР ІІМ ТЖК медальдарымен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
    Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, оның қатысушылары мен жеңімпаздары салтанатты жиын барысында марапатталды.
    Салтанатты жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол жеткізген құтқару бөлімшелерінің 45-тен аса қызметкері ведомстволық марапаттармен  марапатталды.
    Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген әр түрлі жарыстарға қатысқан жас бүлдіршіндер де назардан тыс қалған жоқ. Сайыстың жеңімпаздары  дипломдармен, ойыншықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Салтанатты шара соңы департамент  қызметкерлерінің  концерттік бағдарламасына ұласты.
    Барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды.
    Айгүл НҰРМАНОВА,
    Қызылорда облысы  ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы





24 қазан 2017 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области