Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда мониторингтік топ білім мекемелерін аралады

Сырдарияда мониторингтік топ білім мекемелерін аралады

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында карантиндік талаптардың сақталуына байланысты 3 мониторингтік топ құрылған. Мониторингтік топтар пандемия басталғалы бері карантиндік шектеулердің сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік нысандарды аралауда.

Қазіргі таңда елде коронавирустық инфекцияның таралуы қайта өршуде. Сондықтан сақтық шараларына аса мән беру керек. Осыған орай, мониторингтік топтар аудандағы білім мекемелерін аралап, карантиндік талаптардың сақталуын қадағалап келеді.

Бүгінде ауданда 4 мектепте дәстүрлі түрде сабақ жүргізілуде. Қалған 13 мектептің мектепалды даярлық, 1-5 және 9, 11 сынып оқушылары кезекші топ құру арқылы оқытылуда. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптар сақталған. Мектептер мен балабақшалар санитайзерлермен қамтамасыз етілген.Мониторингтік топ мүшелері ара қашықтықты сақтап, қорғаныш құралдарын үнемі қолдануды ескертті.
27 қаңтар 2021 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области