Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада отбасылық жыр эстафетасы басталды

Қызылордада отбасылық жыр эстафетасы басталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі #Мұқағалиға90жылNIS отбасылық жыр эстафетасын бастады.

«Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысуда. Мектеп қауымдастығы қазақ поэзиясына үлкен қолтаңба қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан тәрбиелік мәні зор өлеңдерін жатқа айтып, әлеуметтік желі арқылы көпшілікке насихаттауда.

Алғашқы болып «Номад» шаңырағының оқушысы Надира Атымтай мен анасы Бахытжан Рахманбердіқызы эстафетаны бастап, ақынның «Не деген керемет күн» туындысын таныстырды.

«Мұқағали атаның бұл өлеңіндегі табиғаттың әсем көрінісі көңілімді ерекше тербеді, сол себепті осы шығарманы анам екеуміз жатқа оқуды ұйғардық», – дейді Надира Атымтай.

Отбасылық челлендж аясында қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әсем әндерден шашу шашып, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.

«Қазақ сөз өнерінің зергері деп танылған қаламгер еңбектері адалдық пен жан тазалығына, шынайылыққа үндейді. Оқушылар мен ата-аналарды ақынның шоқтығы биік шығармаларымен таныстыра отырып, ақын өлеңдеріндегі елжандылық, құрмет, сүйіспеншілік құндылықтарын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды», – дейді жоба координаторы Ақбота Жұмабаева.
Эстафета ақынның туған күніне дейін жалғасады. Мектеп ұжымы әдеби эстафетаға барша халықты үлес қосуға шақырады. Ол үшін ақын шығармашылығынан сүйікті өлеңін мәнерлеп оқыған видеоларды #Мұқағалиға90жылNIS хэштегімен әлеуметтік желіге жүктеу қажет.
27 қаңтар 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области