Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлымен кездесті

Облыс әкімі филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлымен кездесті. Жүздесу барысында аймақ басшысы сөз өнері мен руханияттың дамуына елеулі үлес қосып жүрген Бағдат Кәрібозұлының ел игілігі жолындағы еңбегін ерекше бағалап, құрметін білдірді.

Сіздің жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі еңбегіңіз өз алдына бір белес. Қырық жылға жуық өңіріміздегі іргелі оқу орнында қызмет етіп, сонымен бірге қорқыттануға, өлкетануға байланысты қыруар жұмыстарды атқардыңыз. Шығыс халқына ортақ құнды мұралардан бастап, әдебиет әлемінің бүгінгі есімдеріне дейінгі аралықты қамтыған 200 томдық «Сырдария кітапханасының» жауапты редакторы болып, жергілікті қаламгерлердің шығармаларының жарыққа шығуына атсалыстыңыз. Ел ішіндегі фольклорлық мұраларды жинақтап, ұрпағымыздың төл тарихын тануына да өлшеусіз еңбек сіңіріп келесіз. Сізге деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді Гүлшара Әдбіқалықова.

Өз кезегінде Бағдат Кәрібозұлы кездесуге шақырып, ілтипат танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, рухани-мәдени бағыттағы келелі ұсыныстарын жеткізіп, ой бөлісті. Атап айтсақ, саңлақ жырау Базар Оңдасұлының 180 жылдық мерейтойын облыс деңгейінде атап өту және Қырымбек Елеуұлының қолдауымен басталған «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» жобасына сай жинақ том шығаруды ұсынды.

Облыс әкімі Сыр елінің рухани-мәдени кеңістігінде мол мұра ретінде қалатын жинақ шығару ісін қолдайтынын және айтылған ұсыныстарға ерекше мән берілетінін айтып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін қаперге салды.

Кездесу соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ғалым, профессор Бағдат Кәрібозұлына жас ұрпақ тәрбиелеудегі шығармашылық қызметіне табыс тіледі.

Еске салайық, Бағдат Кәрібозұлы 200 томдық «Сырдария кітапханасын» жарыққа шығарумен айналысып, осы кітапхананың жауапты редакторы болды. Ғалымның басшылығымен университеттің бір топ ғалымдары Қорқыттану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 2019 жылы «Қорқыт ата туралы аңыздар мен әңгімелер» хрестоматиялық жинағы шығарылды. «Менің Отаным-Қазақстан» сериясы бойынша оның жетекшілігімен «Қазалы», «Қызылорда», «Сырдария», «Жаңақорған», «Қармақшы», «Отан үшін от кешкендер» кітаптары жарыққа шықты.
26 қаңтар 2021 ж. 132 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области