Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелі ауданында қылмысқа бейім азаматтарға бақылау күшейтілді

Шиелі ауданында қылмысқа бейім азаматтарға бақылау күшейтілді

Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан көлеміндегі қылмысқа бейім азаматтардың тізімі жасалды.

Бұл тізімге наркологиялық (ішімдікке және есірткіге тәуелді) есепте тұратындар, бұрын қылмыс жасағандар, шартты түрде жаза өтеу мекемелерінен босап шыққандар және пробациялық бақылаудағы, жалпы барлығы – 349 адам енді.

Қауіптілігіне қарай олар қызыл, сары және жасыл санатқа бөлген.

Қызыл санатқа – ішімдікке, есірткіге тәуелді және ұдайы құқық бұзушылықтар жасап, бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар;
Сары санатқа – қоғамдық орындарда ұсақ құқық бұзушылықтарға жиі жол беріп, отбасы шырқын бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар;
Жасыл санатқа – пробациялық бақылауға алынғандар, бірақ бақылауда жүріп құқық бұзушылыққа жол бермегендер.
Тізімді қалыптастырудың негізгі мақсаты – ауданда қылмыстың алдын алу, қайта қылмысқа жол бермеу үшін мінез-құлқын түзету, тұрмыстық-отбасылық жағдайын зерттеу арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Прокуратура, полиция, пробация қызметкерлерімен бірге айына 2 рет тізімге енген тұлғалардың мекен-жайларын аралау арқылы қайта қылмыс жасаудың, есірткі заттарын пайдалану, сақтау, пробациялық бақылау тәртібін бұзудың, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Аралау барысында міндетті түрде отбасы мүшелерімен де сұхбаттасып, тұрмыстық жағдайлары зерттеледі, отбасы мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Мәселен, ерікті түрде алкоголь өнімдеріне тәуелділікті емдеуден нәтиже бермеген соң, отбасы мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, 15 азамат еріксіз емдеуге жолданды.

Әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында оларды жұмыспен қамту шаралары да ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда 30 сотталған адам жұмыспен қамтылды. Аудандық прокуратураның ықпалымен 3 сотталған «Бизнес Бастау» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз несие алып, кәсіпкерлікті жүзеге асыруда. Мұндай жұмыстар бүгінгі күні өз жалғасын табуда.
26 қаңтар 2021 ж. 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области