Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Өңірдің негізгі табысы мұнайдан түсетіні белгілі. Бүгін де оның қоры таусылып, өндіру көлемі азайып барады. Соған қарамастан алға жылжуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, Қызылорда өңірін қолдау үшін жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек.
«Біріншіден, жаңа мұнай-газ кеніштерін барлап, қазіргі кен орындарына зерттеу жүргізу керек. Екіншіден, өңірдің экономикасын әртараптандырған абзал. Сонымен қатар шағын және орта бизнес пен қызмет көрсету саласын дамыту өте маңызды. Бұл міндеттерді орындауға өңірдің өз шамасы жетпейді. Бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
26 қаңтар 2021 ж. 119 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области