Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Nur Otan»: Қызылордада ана өтініші оң шешімін тапты

«Nur Otan»: Қызылордада ана өтініші оң шешімін тапты

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тұрғындармен кері байланыс жасау мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылатын партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп өтініш білдірушілердің саны толастаған емес. Әсіресе, «Nur Otan» партиясының қабылдауына келген тұрғындардың мәселесі оң шешімін табуда. Атап айтар болсақ, жуырда партияның облыстық филиалының қабылдауына келген қала тұрғыны Самал Байкенованың мәселесі өз шешімін тапты.

Самал Байкенова 2020 жылдың 22 желтоқсан күні облыстық партия филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан депутаттыққа үміткер Нұридин Әмитовтың қабыладына келіп, өзінің жалғызбасты, жұмыссыз, пәтер жалдап тұратынын сонымен қатар, 2 баласының мүмкіндігі шектелуі екенін айтып, бронхиалды астма диагнозымен ауыратын 7 жасар ұлының тыныс алуына қажетті неволайзер аппаратын алып беруге көмек сұрайды.

Қызылорда облыстық көпбейінді медициналық орталығының директоры, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұридин Әмитов жалғызбасты ананың өтінішіне орай 7 жасар Құдіретке тыныс алу аппаратын алып беріп, оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, облыс бойынша жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 64 өтініш түсіп, олардың 34,3 пайызы оң шешімін тапты.
26 қаңтар 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области