Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Ақпаннан бастап екпе егіледі

Қызылорда: Ақпаннан бастап екпе егіледі

Kyzylorda-news.kz. Облыста ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелінеді. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

«Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 154 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды. Вакцина бір адамға екі мәрте салынады. Яғни бірінші екпе қабылданғаннан кейін 21 күннен кейін қайта егіледі», – деді Сәбит Пазылов.

«Егу жұмыстарына көпшілік үркей қарайтыны түсінікті. Өйткені, мұндай вирус бұрын болған жоқ. Аты жаман аурулардың басқа түрлері болды. Оларға қарсы екпе егудің арқасында кең тарауына жол берген жоқпыз. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Тағы бір ескертетіні вакцина жалпыламай салынбайды. Оның өзінде ерікті түрде жүзеге асырылады. Ешкімді мәжбүрлеп, күштелмейді», – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.
25 қаңтар 2021 ж. 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области