Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қызылорда гарнизонына келді

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қызылорда гарнизонына келді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Т.Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдеріне жұмыс сапарымен Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде болды.
Сапар барысында Құрлық әскерлері бас қолбасшысының комиссиясы түрлі бағыттар бойынша қысқы кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен танысты.
Әскери бөлімде генерал-майор Т.Қойбақов жеке құрам басшылығымен кездесті. Әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, бөлімнің өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерін сақтап қалу жолында еңбек етуге шақырды. Техникалардың, қару-жарақтардың, техникалық қызмет көрсету пункттерінің және әскери бөлім асханасыныңжұмыстарына ерекше назар аударды.
«Әскери бөлімнің қару-жарақ, оқ-дәрі сияқты қоймаларын тексеріп шықтым.Тазалық пен қауіпсіздік ережелерінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылған. Бөлімнің техникалық пунктері мен әскери қызметшілері асханасының қызмет ету сапасы да өз деңгейінде. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әскерилердің моралдық күйі басты назарда болуы тиіс. Әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дайындығы, қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы үшін барлық кездесетін келеңсіздіктермен тез арада нәтижелі күрескен жөн», – деді бөлім ұжымымен кездесу барысында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Т.Қойбақов.
Сапар соңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Қызылорда гарнизоны әскери бөлімі командиріне әскерлердің күнделікті қызмет іс-шараларының сапалы орындалуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
25 қаңтар 2021 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области