Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 23 қаңтар күні республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар қатты жауатыны күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Желдің күші 24-29 м/с артатыны күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола, Қызылорда, облысында, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с артады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.
23 қаңтар 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области