Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Ауылдарда 13,9 шақырым жол жөнделеді

Қызылорда: Ауылдарда 13,9 шақырым жол жөнделеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жолдың сапасын жақсартудың кешенді бағдарламалары арқылы ауылдарда көшелер жөнделеді.

Соның бірі – «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы, яғни бағдарлама арқылы биыл бірнеше ауылдардың көшелерін қайта жаңарту үшін бюджеттен 1 350,9 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 13,9 шақырым жол жөнделмек. Мәселен, Арал қаласында 5 ірі көше қайта жаңартылады.

Атап айтқанда, Арал қаласындағы С.Сәдібеков, Т.Палуан, Қ.Дәрібаев, О.Жандосов көшесі, О.Жандовасов тұйық көшесі және Ж.Саин көшелерінің автомобиль жолдары қайта жаңартылады. Сондай-ақ, Арал қаласындағы Әйтеке би көшесінің автомобиль жолын салу жұмыстары жүргізіледі.

Мұнан бөлек, Қазалы қаласындағы көшелердің автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Өңірде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы қайта жалғасады. Өткен жылы 8 елді мекенде 60 инвестициялық жоба қабылданып, ауыл-ауылдарда жол жөнделген. Нәтижесінде 3278 тұрғын үйге сервистік су желісі жүргізіліп, 23,2 шақырым ауылішілік көшелер жарық орнатылып, 68,6 км көше жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылы республикалық бюджеттен 9 жобаға қаржы бөлініп, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарының елді мекендегі көшелер жөндеуден өтеді.
21 қаңтар 2021 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области