Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2021: Қызылордада 600-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

2021: Қызылордада 600-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жыл басынан бері 538 құқық бұзушылық анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 223 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылықпен тіркелгендер саны – 65. Тыныштықты бұзудың – 121 дерегі, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 12 дерегі жыл басынан бері орын алған.

Белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша – 5 дерек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – 16 жағдай орын алды. Қалалар мен елдi-мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру- 50 дерек тіркелген. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы- 54 дерегі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендегенін көрсетеді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің 2 дерегі тіркелді.
21 қаңтар 2021 ж. 132 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области