Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2 алаяқ әйел сотталды

Қызылордада 2 алаяқ әйел сотталды

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың қыркүйек айында Шиелі ауданының тұрғыны полицияға арызданып, 2 әйелдің «Қызылорда қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін» деген желеумен жалпы 2 270 000 теңге көлемінде ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /алаяқтық дерегі/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғындары 54 және 44 жастағы 2 азаматша алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған қылмыстық әрекеттерін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу барысында олардың бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде олар өз кінәсін толығымен мойындады.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушы азаматшалар кінәлі деп танылып, бірі 4 жылға, ал екінші әйел 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
21 қаңтар 2021 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области