Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ


    «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арнайы семинар өткізді.  Ақпанның 2-14 күндері аралығында ұйымдастырылған семинар тақырыбы Салық кодексіндегі биылғы өзгерістерге арналды. Оған қызылордалық кәсіпкерлер мен бухгалтерлер белсенді қатысуда.
    Семинарда қатысушыларға корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, акциз, көлік құралдарына, жер, мүлік, ойын бизнесіне салық, ауыл шаруашылығы кешені мен шағын және орта бизнес үшін арнайы салық режимдері бойынша кең көлемді ақпараттар берілді.   
    Салық кодексіндегі биылғы өзгерістер туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова тарқатып айтып берді: «Есте қалатын өзгерістерге тоқталсам, жер салығына қатысты айтуға болады. Бюджет кодексінде төртінші деңгейлі бюджет қарастырылған. Бұл дегеніміз, мәселен, ауылдық елді мекендерде жер салығынан түскен қаржыны ауыл әкімдігі елді мекеннің қажеттілігіне қарай пайдалана алады. Арнайы салық режимінде патент бойынша бұрын салық ставкасы 2 пайыз болса, қазір 1 пайызға төмендеді. Бұл өзгеріс саудамен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты қолданылмайды. Мұнан өзге, саудамен айналысатын кәсіпорындардан өзгелері әлеуметтік салық төлемейтін болды. Бұрын дара кәсіпкерлер үшін жұмысшы саны 25 адам, заңды тұлға үшін 50 адамнан аспауы тиіс деген талап болатын. Өзгеріс бойынша қазір дара кәсіпкерлерге де, заңды тұлғаларға талап ортақ болатын болды, яғни қызметкер саны 30-дан аспауы тиіс», - деді.
    Салық кодексіндегі өзгерістердің бірі – электронды саудаға қатысты. Саудамен айналысатын кәсіпкерлер сауданың 90 пайызын электронды режимде жүзеге асырса арнайы салық режимінде патент бойынша 1 пайыздық салық ставкасын төлейтін болды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер биылғы жаңа жылдан бастап міндетті медицианалық сақтандыру жүйесіне жарна төлемейтін болды. Міндетті медициналық сақтандыру жарнасын тек жұмыс берушілер ғана төлейтін болды.   
    Аталған шараға қатысып жатқан Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Бухгалтерлер клубының» мүшелері түсіндірме-семинарларының дер кезінде ұйымдастырылғандығын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
    Айта кету керек, түсіндірме семинары 15 ақпан күні қорытындыланады. Қатысушыларға салықтық тексерістер, алдын ала түсіндіру, көлденең мониторинг, тәуекелдерді басқару жүйесі, камера арқылы бақылауға қатысты ақпараттар беріледі деп күтілуде.  
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі




14 ақпан 2018 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области