Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сотталған азаматтан есірткі тәркіленді

Қызылордада сотталған азаматтан есірткі тәркіленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында сотталған азаматтың қалтасынан есірткі табылды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс обьектілерінен мекемеге оралған сотталған азаматтарды тінту-тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Мекеме қызметкерлері жұмыс орнынан оралған Т. есімді сотталған азаматты тексеру барысында оның қалтасынан темекі қорабының ішіне 3 дана шылымға нығыздалып салынған «жасыл түсті өткір иісті» зат тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот сараптамасының қорытындысымен оның салмағы 1,98 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
19 қаңтар 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области