Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада балалардың үйден қашуы жиіледі

Қызылордада балалардың үйден қашуы жиіледі

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада балалардың үйден қашу деректері жиілеп кетті. 15 қаңтар түнгі он бір жарымда қала тұрғыны өзінің қызы жоғалғаны жөнінде полицияға хабарлама түсірген.

Кәмелетке толмаған қыз бала терезе арқылы секіріп, үйінен қашып кеткен. Дереу іздестіру жұмысына кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай жасөспірімді құрбысының үйінен тапты. Жалпы өткен жылы полицейлер панасыз және үлкендердің қадағалауынсыз жүрген 186 баланы бейімдеу орталығына орналастырды. Соның ішінде 92 жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, ешкімге ескертпей кетіп қалған. Тіпті Алматы облысында жоғалған 12 жастағы жеткіншек Қызылорда көшелерінің бірінде беймезгіл уақытта жалғыз жүрген жерінен табылды. Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімдердің барлығы үйлеріне аман-есен қайтарылды. Осы ретте ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларын бақылаусыз қалдырмауға шақырады.

«92 жасөспірімнің ішінде үйінен кетіп қалуға бейім 5 жасөспірімді «қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар» санатымен ішкі істер органдарының есебіне алып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыру қажеттігін қатаң ескертеміз», жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков.

19 қаңтар 2021 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области